«Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы»

2024 жылғы 11 желтоқсанда М23-019 тобының студенттері үшін «Тәуелсіздік — еліміздің еркін жолы» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді. Іс-шараны кафедра профессоры К.К. Мустафина, қауымдастырылған профессор Р.Р. Юсупов және эдвайзер, ассистент Г.Х. Асқар бірлесіп ұйымдастырды. ҚазҰМУ-дың үштілді білім беру үрдісін дамытуға бағытталған академиялық саясатына сәйкес, іс-шара барысында микробиология, вирусология кафедрасының профессоры Камилa Камаловна Мустафина қатысушылармен мазмұнды дискуссия-лекция жүргізіп, ұлттық бірегейлікті, рухани құндылықтарды сақтау және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Қауымдастырылған профессор Р.Р. Юсупов студенттермен ашық талқылау жүргізіп, жастардың азаматтық позициясының, ұлттық мүдделерді қорғаудағы және патриоттық сана қалыптастырудағы рөлін түсіндіріп, әрбір адамның белсенді ұстанымы тәуелсіз және еркін мемлекеттің қалыптасуы үшін маңызды екенін атап көрсетті. Кафедра ассистенті, эдвайзер Г.Х. Асқар да өз кезегінде тәуелсіздіктің мәні, оның тарихи негіздері және жастардың еркін мемлекет қалыптасуына қосқан үлесі туралы жария түрде түсіндірді. Тәрбие сағат барысында қатысушылар 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының тарихын талқылады, ол кезде қазақ жастары Қазақстан басшысының қызметіне РСФСР-ден келген Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсылық білдірген. Іс-шара соңында желтоқсан оқиғаларының ұлттық мүдделерді қорғауға деген талпыныстың символы, патриоттық рухты күшейткен, ұлттық сананы қалыптастырған және Қазақстанның тәуелсіздікке жету процесінде маңызды рөл атқарғаны атап өтілді.