Қазақстан Республикасының 30 – жылдығының аясында «Белгілі мәдениеттанушы Бердалы Оспанның дара жолы» тақырбында өткізілген дөңгелек стөл туралы ЕСЕП

2021 жылы 20 қарашада №1 аудиторияда сағат 10.00 профессор Асья Тулебаевнаның, лекторлар Байгамысова Динара Сагатбековна және Абиырова Назым Бейсеновнаның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30 – жылдығының аясында «Белгілі мәдениеттанушы Бердалы Оспанның дара жолы» тақырбында дөңгелек стөл өткізілді. Дөңгелек стөлге кафедра ПОҚ  (Ахмад Н.С., Байгамысова Д.С., Искиндирова А.М., Искакова Л.А., Тукибаев Ж.А., Абиырова Н.Б., Балапанова А.А., Мусина М.С., Сыздыков Д.М., Алжанбекова Г.Т., Оханова М.И. Абилова А.А. Исабекова Т.К.) және кафедраның кураторлық топ студенттері 2 курс «Жалпы медицина» және  2 курс  «Педиатрия». Факультетінің студенттері қатысты.  Ис шараның басында Бердали Есимханулы өзі туралы, өзінің отбасы туралы, өзінің шығарған кітаптарының тарихымен, жеке шығармашылығымен таныстырды, сонымен қатар  1994 жылы Англияның Ливерпуль қаласында Битлз тобының Дүниежүзілік фестивальіне қатысқанын айтып берді. Іс шара барысында фотографиялар, өзінің жеке туындыларынан суреттер көрсетілді,  әңгімелерінің арасында  Битлз тобының өлеңдерін ағылшынша және осы өлеңдерді өз аудармасымен қазақша орындап берді. Іс шара жоғары деңгейде өткізілді, шақырылған қонаққа кафедра оқытушыларынан және студенттерден сұрақтар қойылды. Соңында қонағымызға арнап студенттер өз өнерлерін көрсетіп, домбырамен қазақ халқының дәстүрлі  өлеңдері айтылды және ұлттық би биленді.