2026 жылы 13- наурыз күні Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында кафедра ұжымы және «Медицина» мамандығының 1 және 2-курс студенттерінің қатысуымен «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Студент жастардың ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеу, үлкенге құрмет көрсету, өзара сыйластық пен бірлікті нығайту.
Іс-шараның міндеттері:
- қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау;
- жастар арасында ұлттық мәдениетке деген құрмет пен қызығушылықты қалыптастыру;
- студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін жетілдіру;
- студенттер арасында достық қарым-қатынас пен өзара сыйластықты дамыту.
Іс-шара барысында студенттерге «Амал мерекесі-көрісу күнінің» шығу тарихы, оның қазақ халқының мәдениеті мен дәстүріндегі орны туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кафедра оқытушылары және студенттері бір-бірімен көрісіп, амандасып, қыстан аман-есен шыққандарына қуанып, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Іс-шараға «Медицина» мамандығының 1 және 2-курс студенттері және кафедра ұжымы қатысты.
Өткізілген іс-шара студенттердің ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлер туралы білімдерін кеңейтуге, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етті. Студенттер «Амал мерекесі- Көрісу күнінің» тәрбиелік мәнін түсініп, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.
Қорыта айтқанда, мұндай тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар студент жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, мәдени мұраны құрметтеуге және жастар арасында бірлік пен татулықты нығайтуға өз үлесін қосады.





