Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына «Бақытсыз Жамал» қойылымына барған туралы есеп

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлары: 2025 жылдың қараша айының 18-і күні К.С.Нуржанова  «Медицина» мамандығының 1 курс М25-011/012 топ студентерімен Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрынан арнайы келген актерлердің орындауында Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» шығармасы негізінде дайындалған қойылымды тамашалады.

Тараз қаласының кәсіби актерлері «Бақытсыз Жамалды» өзіндік интерпретацияда сахналады. Қойылымда: қазақ қоғамындағы әйел теңсіздігі, Жамал мен Ғалымжанның трагедиялық тағдыры, салт-дәстүрдің шектен тыс қаталдығы, шынайы әрі әсерлі түрде көрсетілді. Студенттер қойылымнан үлкен әсер алғандарын жеткізді. Қойылым жастарға ұлттық әдебиеттің құндылығын сезіндірді. Әлеуметтік мәселелер бүгінгі күнмен де байланысты екені байқалды.

Көптеген студенттер театрға жиі келу қажеттігін айтты.