1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасында өткізілген іс-шара туралы есеп

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасында білім алушы М24-051р, М24-049р, М24-024қ, М24-019қ топтарының студенттері кафедра оқытушыларын, дәрігерлерді, корпус қызметкерлері мен тұрғындарды мерекемен құттықтап, ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бұл күн – тек күнтізбедегі атаулы дата ғана емес, шәкірттердің өз тәлімгерлеріне, қызметкерлерге және тұрғындарға деген құрметі мен шынайы алғысын білдіруге арналған тағылымды мереке. Студенттер қауымы ұстаздардың қажырлы еңбегі мен сапалы білімі үшін ризашылықтарын жеткізіп, жылы лебіздерін арнады.

Құттықтау барысында студенттер әрбір оқытушыға арнап дайындаған тілектерін айтып, кәсіби әрі рухани маңызы зор мерекенің мәнін айқындай түсті. Іс-шара аясында ұстаздарға студенттердің өз қолдарымен әзірлеген шағын естелік сыйлықтары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Кафедра дәліздерінде мерекелік атмосфера қалыптасып, оқытушылар мен студенттер арасындағы рухани байланыс одан әрі нығая түсті.

«Ұстаздық – ұлы қызмет. Бізге білім беріп, дұрыс жол көрсетіп жүрген оқытушыларымызға алғыс айту – біздің азаматтық парызымыз», – деп атап өтті студенттер.

Өз кезегінде кафедрамыздың меңгерушісі Молдакарызова Айжан Жанарбековна және кафедра ұжымы студенттердің бұл игі бастамасына ризашылық білдіріп, жас ұрпақ бойындағы ізеттілік пен кішіпейілділік ел болашағының берік негізі екенін атап өтті.