С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында «Академиялық ұтқырлық» аясындағы ынтымақтастық туралы есебі

2026 жылдың 23 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) арасындағы өзара ынтымақтастық және тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы өз жұмысын бастады.

Аталған бағдарлама бойынша ОҚМА «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының тәжірибелі аға оқытушылары: Еркекулова Калия Кудайкуловна және Дарипбек Айгул Жадигербековна.

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасына 2 апталық (23.02. – 07.03.2026ж) мерзімге арнайы іс-сапармен келді.

Бағдарламаның алғашқы күні (23.02.2026 ж.) төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылды:

Кафедра меңгерушісі А.Ж.Молдакарызова ПОҚ құрамымен таныстырды.

Сонымен қатар, қонақтар кафедраның материалдық-техникалық базасымен, және ғылыми-зерттеу бағыттарымен танысты.

Университеттің білім беру стандарттары, силлабустар, бағалау критерийлері және оқу үрдісінде қолданылатын цифрлық платформалар талқыланды. Екі оқу орны арасындағы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері бойынша пікір алмасу орын алды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының алғашқы күнінен бастап аға оқытушылар К.К. Еркекулова мен А.Ж. Дарипбек студенттерге бекітілген кесте бойынша практикалық сабақтар жүргізе бастады. Сабақ дәріс форматында заманауи интерактивті әдістер қолданылып өткізілді.

Алдын ала жоспарланған 2 апталық кезең ішінде оқытушылар тәжірибе алмасып қана қоймай, студенттерге молекулалық биология мен генетиканың өзекті мәселелері бойынша тереңдетілген білім береді деп күтілуде. Бұл шара екі іргелі медициналық жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтып, білім беру сапасын арттыруға септігін тигізеді.