M25-011 және M25-012 топтарының студенттерімен ҚазҰМУ мұражайына саяхат

08.10.2025 жылы сағат 14:30 – 15:20 «Медицина» мамандығының 1 курс M25-011 және M25-012 топтарының студенттері мен «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасының лекторы Нуржанова Куаныш Сабыржановна С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мұражайына барды. С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің музейі – еліміздің медицина саласының тарихын, дамуын және тұлғаларын тереңінен танытатын ерекше білім ордасы. Музейге жасаған саяхат студенттер үшін үлкен әсер қалдырды, себебі ол тек көрмелер жиынтығы ғана емес, өткен мен бүгінді жалғап тұрған рухани көпір іспетті. Музейге кірген сәттен-ақ бір дәуірге сапар шеккендей болды. Алғашқы витриналарда көрсетілген сирек қолжазбалар, бұрынғы медициналық құралдар, студенттердің көне құжаттары мен фотосуреттері қазақ медицинасының қалыптасу кезеңін жас білім алушыларға жақсы әсер қалдырғаны байқалды.  Әсіресе С. Ж. Асфендияровтың өмір жолына арналған бөлім ерекше әсер етті. Оның еліне, халқына, ғылымға жасаған еңбегі, қысқа ғұмырына қарамастан қалдырған мұрасы теңдессіз екеніне тағы бір мәрте көзім жетті.

Экспозиция залдарында Қазақ медицина университетінің алғашқы қадамдары, профессорлар құрамы, ғылыми жаңалықтар және медицина қызметкерлерінің ерен еңбектері кеңінен көрсетілген. Әр экспонат – бір тарих, әр бұрыш – үлкен мағына. Музей қызметкерлерінің қызықты әңгімелері де студенттерге терең ой салды: олар тек дерек айтып қана қоймай, сол кезеңнің рухын сезіндіре білді.

Саяхат барысында студенттер медицина саласының қандай қиындықтардан өткенін, оның дамуына қаншама ғалымдар мен дәрігерлер үлес қосқанын түсінді. Әсіресе қазіргі заманғы медицина мен бұрынғы әдістерді салыстыра отырып, ғылымның тоқтаусыз дамитынын және осы жолда әр маманның үлесі бар екенін ұққандай болды.

Болашақ дәрігер ретінде студенттер өздеріне үлкен жауапкершілікті сезінді.

С. Ж. Асфендияров сияқты ғылымға, медицинаға адал қызмет ету  кез келген медицина қызметкерінің арманы деп ойлаймын. Бұл саяхат студенттердің мамандығына деген қызығушылықтарын арттырып, Қазақстан медицинасының тарихына деген құрметерін күшейткендей сезінді. С. Ж. Асфендияров музейіне бару – тек экскурсия емес, рухани тәрбие, тарихи сабақ және болашаққа бағыт-бағдар беретін ерекше тәжірибе болды.