20 қарашада «Антимикробтық төзімділік – XXI ғасырдағы жаһандық мәселесі» атты халықаралық университетаралық олимпиада өтті. Олимпиада студенттердің медициналық жоғары оқу орындарында антибиотиктерге тұрақтылық (AMR) мәселесі жөніндегі білімін арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға, ғылыми қызығушылығын қалыптастыруға және кәсіби белсенділігін ынталандыруға бағытталған болатын.
📍 Ұйымдастырушы: Астана Медицина Университеті, Ш.И.Сарбасов атындағы микробиология және вирусология кафедрасы
📍 С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология кафедрасынан олимпиадаға қатысқан командалар:
🥈 Қазақ тілінде қатысқан «AsfenARM» командасы (2 орын)
Капитан: Ерланқызы Аяулым, 2 курс, М24-012 — жетекшісі Таурбаева Нуркуль Таурбаевна
Қажықан Дана, 2 курс, СТ24-001 — жетекшісі Ханділлә Зәмзагүл Мырзанқызы
Шарипов Жандос, 2 курс, М24-030 — жетекшісі Искакова Улжан Бекболатовна
🏆 Орыс тілінде қатысқан «Точка роста» командасы (1 орын)
Капитан: Аскар Жасмин, 2 курс, П24-028а — жетекшісі Рамазанова Бахыт Аманулловна
Табанова Алина, 2 курс, П24-028а — жетекшісі Асқар Гүлсім Халмаханқызы
Оразова Айжан, 2 курс, М24-048р — жетекшісі Буняева Дарья Владимировна
👏 Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Студенттер жоғары білім деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін, командалық бірлікті және ғылыми тәсілді қолдана отырып, медициналық мәселелерді шешудегі дайындығын көрсетті.
✨ Алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктерге, кәсіби өсуге және үлкен табыстарға жетулеріңізді тілейміз!

