АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды,
Толғайды Абай мұңым менен зарымды.
Абай сынды дана туған халықтың,
Ұл-қызы да болу керек дарынды

Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О. және Байдуллаева Г.Е. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Абайдың 180 жылдығына орай «Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында іс-шара өткізді. Шараның мақсаты Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсіну.

Іс –шарада Абай өміріне сұрақ жауап ойын түрінде өтсе, студенттер 45 қара сөздерінің ішінен алынған сөздердің мағынасын түсіндіріп мысал түрінде көрсетті. Сонымен қатар Абайдың өлеңдері оқылды, қазақтың күйлері ойналды.