С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы, «АИВ-инфекция және инфекциялық бақылау», студенттермен жұмыс жүргізу басқармасы 06.12.16 күні, сағ 12.00-де, №6 аудиторияда, «АИВ/ЖИТС инфекциясының вирус-қоздырғышы резистенттілігінің негіздері және науқастарға әлеуметтік көмек көрсетудің маңызы» тақырыбындағы Университеттік студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Өткізілген конферецияда ЖМ, Стоматология, МПІ факультеттерінің180 студенті қатысты. Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының, «АИВ-инфекция және инфекциялық бақылау» модулінің оқытушылары, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенттермен жұмыс жүргізу басқармасының қызметкерлері, «Жалпы медицина», «Медико-профилактикалық іс» факультеттері деканатының өкілдері қонақ болды. Студенттер тарапынан 5 баяндама қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндалды. Стендтер, скетчтер, макеттер дайындалып, «ЖИТС-ғасыр індеті» тақырыбындағы өлең жолдары оқылды, француз тіліндегі «Zaz- jevuax»әні орындалды. Барлық конференция қатысушылары сертификаттармен марапатталды.