2025 жылдың 12 қыркүйек күні JoVE компаниясының өкілдеріне С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ға келіп, воркшоптар өткізгені және Moodle платформасына бейнематериалдарды интеграциялауға көрсеткен көмегі үшін алғысымызды білдіреміз. Ерекше алғысымызды сату жөніндегі аймақтық менеджер Азги Алмамедоваға және оқу бағдарламалары жөніндегі маман Махима Моханға олардың құнды үлесі мен қолдауы үшін білдіреміз. Табысты ынтымақтастығымыз жалғасын табады деп үміттенеміз!