2025 жылдың 10 желтоқсанында «№2 жалпы дәрігерлік практика» кафедрасының қызметкерлері және ЖМ 19-044, 19-049 топтарының 7 курс дәрігер-интерндері бірлесіп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы», балалар бөлімшесінде ем қабылдап жатқан кішкентай науқастарды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясын өткізді.
Іс-шара барысында еріктілер мен ұйымдастырушылар дамытушы ойындар, кеңсе тауарлары, тәттілер және шығармашылыққа арналған заттардан құралған сыйлық жиынтықтарын дайындады. Ұзақ мерзімді ем қабылдап жатқан балаларға ерекше көңіл бөлініп, олар үшін жеке интерактивті сабақтар мен шағын тосынсыйлар ұйымдастырылды.
Бөлімше қызметкерлері көрсетілген қамқорлық, қолдау және ықылас үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Акция балаларды қуантумен қатар, олардың қалпына келуіне ықпал ететін эмоционалды жайлы орта қалыптастыруға көмектесті.


