Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы – бұл педогогикалық құрамның мақсатты бағытталған, үйлестірілген, бірлескен қызметі, университеттің әкімшілік-басқару аппараты, студенттерінің қалыптасуы және жеке қызметкер ретінде жетілуіндегі іс-шаралар.

Тәрбиелік процесс университеттің тәрбие жұмысы негізінде құрастырылған жылдық жоспары бойынша ұйымдастырылады. Жоспар Тәрбие жұмысы жөніндегі ректор орынбасары арқылы жасалады.

 Мақсаты: жеке тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі басқаруы, қалыптасуы, үйлесімді дамуы, және де оның шығармашылық потенциалының жүзеге асуы.

 Міндеттері:

  1. Топта кішігірім қолайлы ортаны және моральды психологиялық климатты қалыптастыру;
    2. Жұмысты топ ұжымының ұйымдастыруымен бастау;
  2. Қоғамдық және оқу қызметіне қатысты өзін-өзі басқаруды дамыту;
  3. Әр студенттің шығармашылық потенциалының дамуына жағдай жасау;
  4. Бауырмашылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу;
  5. Білімі, ебі, икемі бар тұлғаларға жағдай жасай отырып, профессионалды қызығушылығын нығайту;
  6. Бұл топтың студенттеріне жүйелі бағытты қалыптастыруына жағдай жасау;

Студенттермен тәрбие жұмысы оқу жылының басында басталады. Кафедралық кеңесте тәрбие жұмысына жауапты мұғалім (кафедра көмекшісі ) тағайындалады. Жауапты мұғалім ректор орынбасарынан жылдық жоспарды алады, сонан соң деканатта әрбір көмекші үшін тәрбие жұмыстары бойынша топтар бөлініп беріледі. Әрбір кафедра қызметкері студенттер тобымен берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

Студенттермен кафедрада патриоттық сипатта мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

  • Президент күні;
  • ҚР Тәуелсіздік күні;
  • Халықтар бірлігі күні:
  • Ұлы Жеңіс күні, медицина саласындағы соғыс ардагерлерімен бірге

Студенттермен бәрге мынадай салтанатты кеш және концерттер өткізіледі:

  • 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған;
  • 22 наурыз «Наурыз мейрамы»-на арналған;
  • Медицина қызметкерлерінің күніне арналған;
  • Мұғалімдер күніне арналған;
  • Ең үздік мұғалімді, студентті және де дәрігерлерді құттықтау мақсатында арнайы кеш

Сонымен қатар кафедрада « Терроризм, дін, сыбайласжемқорлық, құқық бұзушылыққа қарсы студенттердің көзқарасы» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізіледі.

Кафедра қызметкерлері мейрам күндері жатақхана бойынша тексерістер жасайды, студенттер арасында сауалнамалар жүргізеді. Студенттердің қалалық сенбілікке толық қатысуын ұйымдастырады.