Жалпы медицина-1 мектебі 1 курс білім алушыларымен кездесу өтті

2025 жылдың 20 қараша күні  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ  Ұлттық медицина университетінің «Concordia» театрында Жалпы медицина-1 мектебінің 1 курс білім алушыларының академиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша  мектеп деканымен, декан орынбасары, жауапты бөлім қызметкерлері, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құраммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында студенттер Университеттің барлық ішкі нормативтік құжаттарымен таныстырылды. Аралық межелік бақылауды тапсыру, “Мамандыққа кіріспе” оқу-өндірістік практикасын өту, мемлекеттік емтихан тапсыру барысы туралы толық түсінік берілді.

Сонымен қатар Коммуникативтік дағдылар кафедрасы тарапынан білім алушыларға «Студенттердің емтихан кезіндегі стресс, мазасыздық, қорқыныш ерекшеліктері» сұхбат жүргізілді.

Студенттер қажет сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Іс-шараға 680 астам студент қатысты.