Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының тәрбие жұмысының бағытына және Тұрақты даму мақсатына (ТДМ-6) сәйкес 2025 жылдың 17 наурызында «САМАЛ су өндіру зауытымен танысу» іс-шарасы өткізді.

Іс-шараға молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары: Т.Г. Танеева, Қ.Е. Жүзжан және «Медицина» мамандығының М24-001 және М24-002 топ студенттері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге қоршаған ортаны қорғау саласында таза ауыз су ресурстарының болуын және оларды тиімді пайдалану мен санитарияны қамтамасыз етуге, суды тұрақты басқаруды насихаттау, суды үнемдеудің жолдары мен маңыздылығы туралы хабардар етуге бағытталған.

Іс-шара барысында су зауытының менеджері Гульнур Ажетова «САМАЛ» су зауытының тарихы және негізгі жұмыс бағыттырымен,  суды тазалау әдістемелерімен студенттерді таныстырды. Студенттер зауытта судың тазалану әдістерін өз көздерімен көріп, жақсы әсер алды. Зауыт зертханасында студенттер суды заманауи әдістермен тазалау кезеңдерінің ерекшеліктерімен және ауыз сапасының құрамымен таныстырлды.

Іс-шараның қорытынды кезеңінде студенттер өздерінің алған әсерлерімен бөлісті. Болашақ дәрігер маманы ретінде ауыз су сапасының жоғары деңгейде болуы бірқатар созылмалы аурулардың алдын алудың бір шарасы ретінде қарастырылатындығын студенттер түсіне білді.