🌟 2025 жылдың 12 қарашасы — өмірін ғылым мен шәкірт тәрбиесіне арнаған асыл ұстаз, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұргүл Таурбайқызының туған күні!💐
🌸 Биыл қадірлі ұстаздың 80 жылдық мерейтойына орай микробиология, вирусология кафедрасының ПОҚ ұйымдастыруымен А.Л. Котова атындағы технопарк-залда ерекше әсерлі іс-шара өтті.
🎓 Мерекелік жиында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ проректоры Датхаев У.М., Медицина мектебі–1 деканы Измайлова С.Х., микробиология, вирусология кафедра меңгерушісі Рамазанова Б.А., ЖММ-1 кәсіподақ комитетінің төрағасы К.Ф. Амантаев, сондай-ақ шәкірттері — Бегадилова Т.С. (микробиология, вирусология кафедрасының оқу ісі жөнінде меңгерушісі), Ахмад Н.С. (С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Ергазина М.Ж. (гистология кафедрасының меңгерушісі), Игисенова А.И. (микробиология, вирусология кафедрасының қауымдастырылған профессор) жылы естеліктерімен, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті.
🏆 Айтулы күнде ізгіліктің символына айналған ұстазға «Үздік Ұстаз» марапаты табысталды.
✨ Нұргүл Таурбайқызы — ұлт денсаулығына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын шын мәніндегі ҰСТАЗ!❤️













