2025 жылғы 2 қазанда молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары И.К. Нұрпейісова мен С.Б. Ерханова жетекшілігімен Мұғалімдер күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шараны М25-005-006 және 25-0015-016 топтарының студенттері ұйымдастырды.
Студенттер кабинет безендіріп, қабырға газеттерін шығарып, мерекелік концерт дайындады, кафедра оқытушыларын құттықтап, өлеңдер оқып, әндер орындады, осылайша мереке атмосферасын құрды.
Кафедра меңгерушісі Молдақарызова А.Ж. және аға куратор Танеева Г.Т. студенттерге көрсеткен ықыластары үшін алғыс айтып, оларға оқуда және болашақ мамандықты таңдауда үлкен жетістіктер тіледі. Сондай-ақ кафедраның әрбір оқытушысы кураторлық топтардың студенттеріне өз ризашылықтарын білдіріп, жеке тілектерін айтты.