«Спорт – денсаулық кепілі», – демекші 2016 жылдың 10 сәуірінде жалпы медицина факультетіне қарасты №2 жатақхананың спорт секторлары: Құралбек Нұржан және Ордабек Олжастың ұйымдастыруымен, ер жігіттер арасында шағын- футболдан жарыс өткізілді.Жарысқа 8 команда (53,54,55,56,59,60,65,70 бөлмелер) қатысты. Жарыс өте қызықты, әрі тартысты өтті.
Ұзаққа созылған ойынның қорытындысы бойынша:I орынды 54 бөлме,II орынды-59 бөлме,III орынды-65 бөлмежігіттері иеленді.Жарыста ерекшеленіп көрінген ойыншылар номинациялар бойынша марапатталды:Ең үздік ойыншы–Журсінбеков Дінмұхаммет, Үздік қорғаушы–Жұмабек Досжан , Үздік бомбардир – Қошан Қайпназар, Үздік гол соғушы – Ахмурза Асқар , Үздік қақпашы – Жамалбеков Алибек.
Демалысты қызықты әрі пайдалы етіп өткізген спорт секторларына алғыс білдіреміз.