Молекулалық биология мен медициналық генетика кафедрасының кураторлары «Медицина» мамандығының 1 курс М25-001/002 және М25- 003/004 топ студентер арасында «Заң және жастар! Жауапкершілік пен таңдау» атты тақырыпта дискуссия өткізді.
Мақсаты: Студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ жеке жауапкершілік пен саналы таңдау жасаудың маңызын түсіндіру.
Іс-шараны аға куратор Г.Т. Танеева ашып, қатысушыларды тақырыппен таныстырды
Пікірталаста студенттерге заңның қоғамдағы рөлі, жастардың заң алдындағы жауапкершілігі және саналы таңдау жасаудың маңызы кеңінен түсіндірілді.
Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, әрқайсысы өз қорытындысын ұсынды.



