2025 жылдың 14 қарашада «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасының тәлімгерлері Шайхымбекова Р.М. және Нуржанова К.С. ұйымдастыруымен М25-011к, М25-012к, М25-013к, М25-014к кураторлық топтар арасында «Заң және жастар: жауапкершілік пен таңдау» тақырыбында лекция-дискуссия өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні мен маңызын терең түсіндіру. Іс-шара барысында студенттерге заң үстемдігі, жастардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мәдениеттің қоғамдағы рөлі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шараға арнайы дайындалған плакаттар мен презентациялар ұсынылып, студенттер тарапынан қорғалды. Әр топ өз шығармашылық жұмысын таныстырып, құқықтық жауапкершілік тақырыбы бойынша мазмұнды талдау мен пікірталас жүргізді. Іс-шара қорытындысын кафедра меңгерушісі Молдакарызова А.Ж. және аға куратор Танеева Г.Т. шығарып, ұйымдастырушылардың жұмысына және студенттердің белсенділігіне жоғары баға берді.
«Заң және жастар: жауапкершілік пен таңдау»



