2025 жылдың 11 сәуірінде Халықаралық студенттер қауымдастығының студенттері Микробиология, вирусология кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған конференция өтті. Іс-шараға 21 студент қатысты. Конференция А.Г. Шамсутдинова, Н.Ж. Джардемалиева және Е.А. Колоскова айтқан кіріспе сөздермен басталды. Қазылар алқасының мүшелері: Е.А. Колоскова, Д.В. Буняева және ChatGPT.
Конференция барысында «Epidemiology of antibiotic resistance genes in wastewater environment» тақырыбында 13 баяндама тыңдалды. Әр баяндаманы қазылар алқасы бағлау парақтарын пайдаланып бағалады және баяндамалардан кейін сұрақ-жауап сессиялары өткізілді. Сонымен қатар, қосымша бағалау үшін презентацияларды тексеру парақтарына сәйкес жасанды интеллект қолданылды.
Қазылар алқасының бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
– I орын — Abdul Mussavir
– II орын — Mudhat Manzoor Bhat
– III орын — Prince Gupta
Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, ал қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталды. Студенттер осы іс-шараның тәжірибесін ескере отырып, келесі оқу жылында осындай конференция өткізуге ниет білдірді.