2026 жылғы 20 қаңтарда микробиология, вирусология кафедрасында «Микро әлем» ғылыми-зерттеу үйірмесінің отырысы өтті, оның аясында СҒЗЖ-ның I туры өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша студенттердің үздік ғылыми жұмыстары II (факультеттік) турға жолдама алып, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 I орын — Mohamed Mabrouk
Тақырыбы: «COVID-19-дан сауығып шыққан тұлғалардан бөлініп алынған Candida spp. вируленттілік факторларының фенотиптік ауысуы мен экспрессиясы»
Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Колоскова Е.А.
🥈 II орын — Абай Аида, Жаканбай Ануар, Кенесбек Санжар
Тақырыбы: «Жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы кофе машиналарының микробтық ластану қаупін бағалау»
Ғылыми жетекшілері: профессор ассистенті Бейсегулова Г.Н., лектор Буняева Д.В.
🥉 III орын — Нұр Думан Дария, Әлімбек Ақмөлдір, Нургазы Нураим
Тақырыбы: «Кешенді микробиологиялық және статистикалық талдау әдісімен электрлік қол кептіргіштердің санитарлық-гигиеналық жағдайын салыстырмалы бағалау»
Ғылыми жетекшілері: профессор ассистенті Бейсегулова Г.Н., лектор Буняева Д.В.








