Рентгенология және радиология кафедрасы алғаш рет 1953 жылы ұйымдастырылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі және оны ұйымдастырушы медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Балмұханов Сайым Балуанұлы болды. 1961-1985 жылдар аралығында сәулелік диагностика және сәулелік терапия кафедрасын профессор Серғазин Айқазы Ғазизұлы басқарды. 1986-1988 жылдар аралығында медицина ғылымдарының докторы, профессор Х.А.Абисатовтың жетекшілігімен онкология кафедрасы рентгенология және радиология
кафедрасымен біріктірілді. 1989-2000 жылдар аралығында кафедраны м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ж.Н.Абдрахманов басқарды. 2001 жылдан бастап онкология, маммология, сәулелік диагностика және сәулелік терапиямен біріккен кафедрасын м.ғ.д., профессор Ж.А.Арзықұлов басқарды.
Профессорско-преподавательский состав кафедры имеет ученые степени, ученые звания, квалификационные категории.
Коллектив кафедры сохраняет обычаи и традиции в реализации стратегического плана развития КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова, активно принимает участие в общественной жизни университета.
2007 жылы «Визуальды диагностика» дербес кафедрасы ұйымдастырылып, кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Хамзин А.Х. тағайындалды.
2013 жылдың наурыз айынан бастап оқу үдерісін, ғылымды және клиниканы біріктіру мақсатында визуалды диагностика кафедрасына жетекшілік ету ҚазОРҒЗИ сәулелік диагностика кафедрасы – м.ғ.д., профессор Жолдыбай Ж.Ж. басшыға жүктелді
Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы: м.ғ.к., доцент, кафедра профессоры Жакенова Ж.Қ., оқу ісінің меңгерушісі Аманкулова Ж.Б., доценттер: Мұстапаева А.А., Айнакулова А.С., ассистенттер: Бұрхан Н., Арғынбаева М. .М. Дауытова Ю.Т., Филиппенко Е.В., Панина А.С., Исаматов Б.К., Бурахан Б., Аптаев Ч.К., Қаражан А.Т., Мырзабаева Г.Б., Мамырова А.Қ., Маратова Ш.І.,Әлішеров Ғ.Т.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежелері, ғылыми атақтары, біліктілік санаттары бар.
Кафедра ұжымы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стратегиялық даму жоспарын жүзеге асырудағы әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтап, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысады.