С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Микробиология, вирусология кафедрасы 2025 жылғы 6–7 қарашада Алматыда өткен «Ауыр жағдайдағы науқастардағы вирустық инфекциялар» атты халықаралық аспиранттық курсына қатысты

📍 Өткізілген орны: Алматы, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Т.Шарманов атындағы Даңқ залы

Оқиғаның модераторы ретінде кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Рамазанова қатысты. Курстың тыңдаушылары ретінде микробиология, вирусология кафедрасының құрамы қатысты: асс. профессор Б.А. қауымдастырылған профессор А.И.Игисенова, профессор ассистенттері Бейсегулова Г.Н., Мусаева А.А., ассистенттер Мұстапаева Ж.Ө., Асқар Г.Х., Нургазина Г.С.

Курста келесі мәселелер қаралды:
💉 ЖИТ бөлімшесінің науқастарында жиі кездесетін инфекциялар: тұмау, COVID-19, аденовирустық инфекция, Денге безгегі, цитомегаловирус және басқа да инфекциялар
🦠 Аталған инфекциялардың патофизиологиясы, иммунологиясы, диагностикасы және емдеу мәселелері
💊 Противирустық терапия және ЖИТ бөлімшелерінде инфекциялық бақылау стратегиялары

Спикерлер ретінде шетелдік және отандық жетекші ғалымдар қатысты: проф. Alemka Markotic (Хорватия), проф. Charles Edouard (Франция), проф. Despoina Koulenti (Ұлыбритания) және басқалар. Курс зерттеушілерге, реаниматология, жұқпалы аурулар және клиникалық микробиология саласының мамандарына, сондай-ақ медициналық пәндердің оқытушыларына арналды.