Алғаш рет өзбетінше туберкулез курсы 1935 жылы өз алдына бөлініп шықты (№ 109 бұйрық 25-қазан 1935 жыл), Байгурин Альжан Махмудович үлгілі педагог және ғылыми қызметкер ретінде приват-доцентке ұсынылды. Ол қазақ және орыс тілдерін еркін әдеби түрде меңгерген, басылымдарын қазақ және орыс тілінде шығарған. Медициналық институтта жас ғалымның еңбекке қабілеттілігін және білімділігін жоғары бағалады, бірақ та 1938 жылы репрессияға ұшырап, қайтыс болды. 1956 жылы толығымен ақталды. ССРО ХКО жоғарғы мектеп ісі бойынша Комитеттің 1941 жыл 4-қарашада шыққан № 137 бұйрыққа сәйкес Қазақ ұлттық медицина университетінде курс базасын негіздеп 1941 жылы 12 қараша айында туберкулез кафедрасы құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі Ұлы Отан соғысы жылдары Ленинград қаласынан эвакуациямен келген профессор Михаил Рувимович Борок, доцент— С.Е. Незлин, ассистенттері Е.А. Трейлих және М.Е. Морозов болды.
Еңбегі сіңген дәрігерлер және ҚР ғылымға еңбек сіңірген көрнекті қайраткерлер әр жылдары кафедраның меңгерушілері болған – ол профессор Василий Иванович Зюзин (1943-1964), доцент Адикен Нуркенович Хасенов (1964-1975).
1975 жылдан бастап 1996 жыл аралығында кафедра меңгерушісі ҚР Жаратылыстану ғылымдары Академиясының Академигі және Вице-президенті, профессор Куаныш Мубаракович Маскеев болды. Фтизиатрия бойынша аспирантураны бітіргеннен кейін, (1961-1963) «Шымбұлақ» шипажайының бөлімше меңгерушісі, ал 1963-1975 жылдары Алматы Мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының доценті, профессоры, туберкулез кафедрасының меңгерушісі және проректоры болды.
1996 жылдан 2002 жыл арлығында кафедра меңгерушісі-РМҒА академигі, Гамбургтік медицина және профилактика академиясының академигі, Польша медицина академиясының академигі, Қазақстан фтизиатрларының Ассоциациясының президенті, профессор Талгат Аширович Муминов болды.
2002 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Анар Садвакасовна Ракишева басқарады.
Анар Садвакасовна Ракишева 1979 жылы АММИ–ның педиатрия факультетін үздік бітіріп, сол жылдан бастап фтизиопульмонология кафедрасында зерттеуші–стажер, клиникалық ординатор, дәрігер–лаборант, ассистент, доцент, 2002 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1987 жылы медицина ғылымының кандидаты, 2000 жылы доцент, 2002 жылы 14.00.26 – фтизиатрия мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
Қазақстандағы академиялық секторлардың халықаралық жұмыстарының ұйымдастыруы бойынша Координациялық Комитеттің мүшесі.Фтизиатрия мамандығы бойынша жоғары мамандандырылған маман иесі, жоғарғы санатты дәрігер, денсаулық сақтау мекемелерінде тәжірбиелік, кеңестік, әдістемелік көмектер көрсетеді. Ғылыми щзерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысады, 310 ғылыми жұмыстары отандық және шетелдік басылымдарда басылған, соның бірі «Фтизиатрия» оқулығы, ҚР ҒБМ–мен бекітілген монография, 9 өнертабыстық авторлық куәлік, 11әдістемелік нұсқау, 9 оқу әдістемесі, информациялық хат. Соңғы 5 жылда 4 ғылыми жобалардың: ҚР ДСМ-нің ТМҰО-да «Разработка мероприятий по профилактике рецидивов туберкулеза с различными типами лекарственной устойчивости» (ҚР ТМҰО мен бірге), Бірінші Президент фондымен «Студенты – группа риска заболевания туберкулезом», жоғары оқу орындарының арасындағы гранттарға «Разработка мероприятий по профилактике туберкулеза у студентов», «Идентификация молекулярно-генетических прогностических критериев предрасположенности к туберкулезу» жетекшісі болды.