«Биофизика курсымен қалыпты физиология» кафедрасының оқытушылары Алмабаева Н.М., Абдрасилова В.О. және Өтеуова Ұ.Д. публицист, саясаттанушы Бұқарбай Бақытжанмен «Кітап –адамзаттың асыл қазынасы, ақыл-ойдың жемісі» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесуге кафедраның ПОҚ-ы, «ЖМ-1» мектебінің деканы Измайлова С.Х., «Медицина» мамандығының 1 курс студенттері және университет кітапханасының қызметкерлері қатысты. Бақытжан өз өмірі, жазған кітаптары мен аудармалары жайлы, жасаған жұмыстары мен болашақтағы жоспарымен бөлісті. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Сергіту сәтінде тақырып бойынша сөзжұмбақ пен мақалдарды тапты. Жеңімпаздарға автордың қолтаңбасы бар «Өзіңмен әңгіме» кітабы мен әртүрлі жүлделер сыйға берілді. Сонымен қатар кітапханада кітап қоры және ғылыми-танымдық қана емес әдеби кітаптар туралы ақпаратты ақпараттық – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Ахмедуллаева С.А. берді.
Студенттер осындай кездесулердің қажеттілігі туралы және алған әсерлерін айтып өтті.







