Ішкі аурулар кафедрасы шетелдік университеттермен және профессорлармен ынтымақтастықты жалғастыруда.
Ғылыми және педагогикалық тәжірибе алмасу бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында бұған дейін Израиль, Ресей, Украина, Түркиядан профессорлар шақырылған болатын:
Y.Baruch M.D. сөз сөйлеуі(Israel)
- 2012-2014 оқу жылдары кафедрада Израильден келген профессор, интервенциялық кардиохирург және кардиолог Плих Михаил жұмыс істеді.
- 2014-2017 жылдары визитинг профессор бағдарламасы бойынша ішкі аурулар клиникасында нефрологияның өзекті мәселелері бойынша дәрістер мен семинарлар циклімен Санкт-Петербургтен профессорлар А.М. Есаян мен И.Г. Каюков келді.
- 2015-2016 оқу жылында ішкі аурулар департаменті және “№1 ішкі аурулар” кафедрасы Хайфа қаласындағы Рамбам клиникасындағы Гастроэнтерология және гепатология институтының директоры болып табылатын Технион университетінің медицина мектебінің профессорын Baruch (Израиль) мырзаны шақырды. Проф. Baruch сапары аясында Алматы және Нұрсұлтан қалаларында терапевттердің, гастроэнтерологтардың, гепатологтардың, трансплантолог хирургтардың қатысуымен 2 үлкен конференция ұйымдастырылып, өткізілді. Сондай-ақ, профессор Baruch кафедраның клиникалық базасына – №1 ҚКА-ға барып, науқастарға клиникалық талдаулар жүргізумен кеңес берді.
- 2023 жылы визитинг профессор бағдарламасы бойынша біздің құрметті профессор Арутюнов А.Г. келді, ол біздің клиникалық базалардың резиденттері мен дәрігерлеріне арналған СЖЖ мектебін өткізді, науқастар мен дәрігерлерге диагностика және емдеу мәселелері бойынша кеңес берді.
- 2024 жылы визитинг профессор бағдарламасы бойынша Жапониядан профессор Tatsuo Shimosawa (International University of Health and Wealfare) келді, терапияда диагностика мен емдеудің заманауи әдістері туралы дәрістер оқыды, Ішкі аурулар кафедрасы ұйымдастырған «Ішкі аурулардың негізгі мәселелері» атты III халықаралық конференцияға баяндамашы ретінде қатысып, сонымен қатар cспекл трекинг эхокардиографиясы бойынша шеберлік сабағын өткізді. Сапар аясында ҚазҰМУ мен International University of Health and Wealfare арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
- Ішкі аурулар кафедрасы 2022, 2023 және 2024 жылдары академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша Өзбекстан, Тәжікстан оқытушыларын қабылдады.
- Біздің базада Франция, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан студенттері білім алды.
Ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі Сугралиев Ахметжан Бегалиевич Еуропалық кардиология қоғамының жұмыс тобының мүшесі болып табылады.
КазҰМУ «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша 2016 жылы кафедрада Atsumasa Komori M.D. PhD (Clinical Research Center, NHO Nagasaki Medical Center, Nagasaki University Graduate School of Biomedical Sciences, Japan). 2012 жылдан А. Komori біздің университетпен бірігіп жұмыс жасайды және «ҚазҰМУ құрметті профессоры». Ғылыми жоба бойынша «Ішкі аурулар кафедрасы №1 аралас пәндер курсы» 2016 жылы 24 қарашада «Аутоиммунные заболевания печени – современный менеджмент ведения пациентов» жобасында дөңгелек үстел, мастер класс, семинарлар өткізілді.
Atsumasa Komori M.D. сөз сөйлеуі, PhD (Japan)
Дөңгелек үстел аясындағы дискуссия
Дөңгелек үстел барысында пациент туралы кейсті талқылау
2017-2018 оқу жылының қараша айында жалғасып келе жатқан ынтымақтастық барысында тағы да профессор Atsumasa Komori ҚазҰМУ іссапармен келді. №1 Ішкі аурулар гепатология курсымен кафедрасының клиникалық базасында визитинг-профессормен бірге профессор-оқытушылар, студенттер және №1 ҚКА дәрігерлері қатысуымен «Холестатические заболевания печени-современная диагностика и лечение» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Atsumasa Komori M.D. сөз сөйлеуі, PhD (Japan)
Atsumasa Komori №1 ҚКА дәрігерлері мен кафедраның профессор-оқытушыларымен бірге
Сонымен қатар №1 ҚКА терапия және гастроэнтерология бөлімшесінің науқастарын клиникалық талдау арқылы тәжірибелік шеберлік классы өткізілді.
Atsumasa Komori тәжірибелік шеберлік классы
2017-2018 оқу жылының қараша айында профессор Dilip Mahapatra (Dublin, Ireland) білім алу бағдарламасы аясында Халықаралық медициналық факультеттің 4 курс студенттеріне гастроэнтерология блогы бойынша семинарлар өткізілді, №1 Ішкі аурулар гепатология курсымен кафедрасында мәселелі-бағытты дәрістер мен талқылау жүргізілді.
Dilip Mahapatra ХМФ студенттері мен кафедра оқытушысымен бірге
Сонымен қатар №1 Ішкі аурулар кафедрасының клиникалық базасы №1 ҚКА – профессор Dilip Mahapatra оқуымен «Хроническая обструктивная болезнь легких» тақырыбына дәріс өткізілді, бұл аурухананың арнайылығы мен Алматы қаласының пульмо орталығының жұмысын ескере отырып ұйымдастырылған, себебі осы базада кафедра қызметкерлері мен дәрігерлер бірігіп емдік-кеңестік шаралар жүргізеді.