2025 жылдың сәуір айының 25-і күні 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты іс-шараны молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының кураторлары б.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ж.Бейсенова, профессор ассистенті И.К.Нурпейсова, ассистент С.Б. Ерханова және Жалпы медицина мектебінің 1-ші курс М24-005-008, М24-011-012 топ студенттері ұйымдастыруымен факультет деңгейінде 1-ші курс 14 кураторлық топтарды біріктіре отырып, ауқымды көлемде өткізілді. Іс-шараның бағдарламасына сай ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының ән ұраны ойналып, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының ұлағатты ұстазы Таракова Құралай Ақылбаевнаға жас ұрпаққа жүрек жарды батасын берумен басталды.
Мақсаты: Жас ұрпаққа көп ұлтты еліміздің ынтымақтастығы мен бірлігін насихаттау және олардың маңыздылығын түсіндіру. Бірлік деген қасиетті ұғымды бойлары мен сана-сезімдерінде қалыптастыру. Әр уақыттта бірлігі жарасқан елдің болашағы зор болатынын насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу.
«Бір шаңырақ астында» атты іс-шараны жүргізу барысында тәжік, грузин, орыс, жапон, ұйғыр, өзбек, түрік, қазақ, монғол ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары мен салт-дәстүрлерін таныстыру, сонымен қоса, бірлік күніне орай жасалған газеттері мен өнерлері бойынша сайыс болды. «Ең үздік газет», «Ең үздік өнер», «Ең үздік тағам», «Ең үздік ұлттық киім» номинациялары бойынша сайысты әділ-қазылар алқасы бағалады.
Осы аталған іс-шараға студенттер төрт номинация бойынша жүргізілген сайысқа белсенді қатыса отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен таланттарын паш ете білді.
Әділ-қазылар алқасы оң баға бере отырып, әр номинация бойынша жүлдегерлерді анықтап, тиісті дипломдармен марапаттады. Сонымен қоса, іс-шара ұйымдастырушылары және ерекше белсенділік көрсеткен тәлімгерлер тобы алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының меңгерушісі Молдакарызова А.Ж. сөз берілді. Айжан Жанарбековна өз сөзінде 130 ұлттан тұратын көпұлтты мемлекетіміздің тату-тәтті, ынтымағы жарасқан бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруіне әр Қазақстан азаматы жауапты екенін айта келе, 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіруі және экономикамыздың дамуы үшін бейбітшіліктің маңызды екеніне тоқталды. Сонымен қоса, бірлігі жарасқан бір шаңырақ астында мекендеген көп ұлтты мемлекетіміздің болашағы жарқын, бай қуатты мемлекетке айналатынымызға кәміл сенетіндігін айтты.