2025 жылдың 04 желтоқсан күні сағат 10:00-12:00 аралығында «Concordia» театрында Жалпы медицина-1 мектебінің 2 курс студенттеріне кешенді жоспарына сәйкес «Аралық аттестацияға дайындық бойынша іс-шара» өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің қысқы емтихан сессиясының өту ережелері, талаптары, бағалау критерийлері, емтихан түрлері бойыша ақпараттандыру. Іс-шараны Жалпы медицина-1 мектебінің деканы С. Измайлова сөз бастап, студенттерді мазалаған сұрақтарына жауап беріп, белсенді студенттерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Іс-шараға Академиялық жұмыстар бойынша декан орынбасары Р.Тагирова, бас маман М.Мукашева, С.Р.Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі Н.Ахмад, Қалыпты физиология және биофизика курсымен кафедрасының меңгерушісі Ш.Рыспекова, Гистология кафедрасының меңгерушісі М.Ергазина, Коммуникативтік дағдылар кафедрасының меңгерушісі А.Турсынбекова және Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Сарсенова қатысып, қысқы емтихан сессиясында өтілетін модуль-пәндер бойынша емтихан форматтары, бағалау жүйесі мен балл қою ережелері бойынша түіндірме жұмыстарын жүргізді.
Академилық жұмыстар бойынша декан орынбасары Р.Тагирова студенттерге академиялық адалдық талаптары, сессия кезінде студенттердің оқу тәртібі мен жауапкершілігі, дайындық стратегиялары туралы ақпарат, сонымен қатар, алдағы аралық аттестацияға сапалы дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар да берілді.








