2025 жылы 7 қазан күні №7 аудиториялық корпустың 7-аудиториясында С.Р. Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының бастамасымен, атап айтқанда кафедра меңгерушісі Ахмад Н.С., Досаев Т.М., Кенбаева С.Р., Абиырова Н.Б., Искакова Л.А., Искиндирова А.М., Оханова М.И., Уважанова А.С., Абилова А.А., Куатбекова А.К. бекітілген тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес елімізге танымал нейрохирург, денсаулық сақтау магистрі, Ұлттық медициналық бірлестіктің вице-президенті Бердіхожаев Мыңжылқы Сайлауұлымен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу форматы подкаст түрінде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — медицина саласында жетістікке жеткен тұлғамен студенттерді таныстырып, мықты кәсіби маман болып қалыптасуына жол ашып, ықпал ету болып табылады.
Іс-шара жалпы университет деңгейінде өткізілді және қонақ ретінде университеттің басшылық құрамынан оқу ісі жөніндегі проректор Қалматаева Жанна Амантайқызы, әлеуметтік жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Датхаев Убайдилла Махамбетұлы, 1-ші Жалпы медицина мектебінің деканы Измайлова Слу Хабибиевна, ҚазҰМУ баспасөз қызметінің жетекшісі Тянь Марина Александровна, Студенттерді дамыту және қолдау бөлімінің меңгерушісі Шермет Шерзат Розметович, сонымен қатар Алматы ТВ және Алатау ТВ телеарналарының жүргізушілері мен журналистері шақырылды.
Мотивациялық кездесуді кафедра меңгерушісі Ахмад Н.С. өз сөзімен ашып берді. Модераторлар — анатомия кафедрасының лекторлары Абиырова Н.Б. мен Кенбаева С.Р. іс-шараны жүргізіп, шақырылған қонақтарға сөз беріп, Мыңжылқы Сайлауұлына көкейкесті сұрақтарды қойып, жауаптарын алды. Сұхбаттың ортасында аудиториядағы студенттердің де тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар берілді және кездесудің ұзақтығы 3 сағатқа ұзарды. Жалпы, мотивациялық кездесу өте жоғары деңгейде, қызықты және өте пайдалы болды. Кафедра профессоры Досаев Тасболат Молдахметович қорытынды сөзін айтып, іс-шараны аяқтады. Соңында Мыңжылқы Сайлауұлы Алматы ТВ каналына және ҚазҰМУ-дің баспасөз қызметіне сұхбат берді және фотосессия жасалды.