Біз таза сессияны қолдаймыз!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.

Осы мақсаттаүстіміздегі жылдың 29 наурызында №2 Қалалық Балалар Ауруханасының төрінде м.ғ.д. Ташенова Гүлнар Талиповна мен ЖМ-12-06-1,2 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Біз таза сессияны қолдаймыз!»тақырыбында конференция  өткізілді. Конференцияға №1 балалар аурулары кафедрасының профессор-оқытушы құрамдары:  доценттер Сагидуллина Люция Саукеқызы, Досым Сәуле Мұхамеджарқызы, ассистент Аманжолов Талгат Ахметкаримұлы, Сагимова Райхан Шырынбайқызы, Ахметова Лаура Мубаракқызы, Белялова Надира Тұрсынжанқызы және ЖМ-15-16-1/2 топ студенттері қатысты.Аталған конференцияны ЖМ-12-06-1 топ студенттері Қонайұлы Жамбыл, Бабақұл Салтанат жүргізді.

Конференция бағдарламасы бойынша Бабақұл Салтанат«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:жаңа шаралары»атты презентациясын баяндады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар аталған іс-шараға орай мағыналы екі видеороликті ұсынды. Конференцияда сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін еместігі, сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажеттілігі айтылды.

Әрине дей тұрғанымен, басқаларға үлгі-өнеге көрсетуге тиісті атқарушы және мемлекеттік органдарының лауазымды иелерінің заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қоя отырып, прокуратура органдары басқа да құқық қорғау бағытындағы міндетін күшейткен үстіне күшейте бермек, яғни Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету – прокуратура органдары қызметкерлерінің басты міндеті болып табылады.

Іс-шара барысында ЖМ-15-16-1/2 топ студенттері арнайы сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдірді. Қатысушылардың айтуынша осы уақытқа дейінгі оқу жылдары барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмепті. Конференция соңын кафедра меңгерушісі Ташенова Г.Т.өз сөзімен қорытындылады.

https://cloud.mail.ru/public/4ybL/xCNrF8akd