Қалыпты физиология биофизика курсымен кафедрасында ғалым, дәрігер, мемлекет қайраткері Санжар Джафарұлы Асфендияровтың туғанына 135 жылдығына орай «Өшпес із, өлмес мұра: Асфендияровқа тағзым» атты іс-шара өткізілді.

Қалыпты физиология биофизика курсымен кафедрасында ғалым, дәрігер, мемлекет қайраткері Санжар Джафарұлы Асфендияровтың туғанына 135 жылдығына орай «Өшпес із, өлмес мұра: Асфендияровқа тағзым» атты іс-шара 2025 жылдың 5- желтоқсан күні сағат 13:30-да, 7 корпуста 9-аудиторияда өткізілді.

Іс-шараны қалыпты физиология биофизика курсымен кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шайхынбекова Райгуль Мухамбетовна мен кафедра профессор ассистенті Байболатова Лайла Мухатовна және ассистент Пәржан Гауһар Оңалбайқызы жетекшілігімен «Жалпы медицина» мектебінің М24-002, М24-005 топтары студенттері ұйымдастыруымен өткізілді.

«Өшпес із, өлмес мұра: Асфендияровқа тағзым» атты іс-шараға «Жалпы медицина-1» мектебінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Белимбаева Гульзира Мейрамгалиевна және қалыпты физиология биофизика курсымен кафедрасының меңгерушісі Рыспекова Шынар Ордахановна және кафедраның бір топ оқытушылары мен кафедрада білім алушы студенттер қатысты.

Іс-шараның ашылуы ретінде Еліміздің ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне елеулі үлес қосқан аса қадірлі тұлғаның жарқын бейнесін еске алу, құрметтеу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды.

Іс-шараның жүргізушілері «Медицина» факультетінің М24-002, М24-005 топ студенттері Бауыржанқызы Бибігауһар мен Әбдуәлі Сұлтанбек іс-шараны ашық деп жариялаған соң, «Медицина» мектебінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Белимбаева Гульзира Мейрамгалиевна, қалыпты физиология биофизика курсы мен кафедрасының меңгерушісі Рыспекова Шынар Ордахановна іс-шараны ашу сөзін сөйледі.

Келесі кезекте М24-001, М24-002 топ студенттері Салтанат Шыңғыс және Амангелді Нұрасыл “Адай” күйін орындады.

Күйдің үнін әрімен қарай М24-030топ студенті Тұяқбай Балнур «Ерке сылқым» орындауымен тебіренте жалғастырды.

Осыдан соң, іс-шара Санжар Асфендияров жайлы болғандықтан, Санжар Джафарұлы Асфендияровтың өмірбаяны жайлы М24-002 студенті Абденбай Әсем баяндама жасады.

Келесі кезекте М24-002топ студенттері Нургалиева Еркежан, Есжанова Аружан Санжар Асфендияровтың өмірбаянына байланысты сұрақ-жауап ойынын жүргізіп, жеңімпаздарға сыйлықтар берді.

Келесі кезекте, М24-015, П24-011, П24-018 топтарының студенттері: Тульбасова Әсел, Жәнібек Айдос, Сейілбек Сымбат тақырыпқа сәйкес әсем өлең шумақтарын мәнерлеп оқыды.

Осыдан кейін, Санжар Джафарұлы Асфендияров жайлы «Ерте көктем» фильмінен қысқаша үзінді көрініс көрсетілді. «Ерте көктемнен» үзінді көрініс өте шеберлікпен қойылды. Қойылымның бастамасын М24-005 топ студенттері: Махмутулла Саят, Қастерқызы Кәусар, Тұрсын Еңлік, Нурлыбекова Айша, Серікбай Орынғазы, Ыдырыс Нұрай, Жилкибай Әсем, Кеулимжай Сымбат, Албаев Алтаир атты талантты студенттеріміз сомдап шықты. Санжар Асфендияров рөлін Махматулла Саят, әйелі рөлін Жилкибай Әсем, Халел Досмұхамедов рөлін Серікбай Орынғазы, Санжар Асфендияровтың студенттерінің рөлін қалған студенттер жоғары деңгейде сомдады. Бұл көрініс Санжардың жоғары білімді, ғалым, медициналық білімінің болғандығын, саясаткер екендігін паш етті.

ҚазҰМУ университетіне Санжар Асфендияров аты берілгендіктен, келесі кезекте университетіміз жайлы сұрақ-жауап айдарын М24-005 студенттері Ыдырыс Нурай мен Тұрсын Еңлік жүргізіп, жеңімпаздарға сыйлықтар таратты. Іс-шараны М24-002, М24-005 топтар студенттері Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін хормен орындап аяқтады. Келесі кезекте, қалыпты физиология биофизика курсымен кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шайхынбекова Райгуль Мухамбетовна іс-шараны қорытындылап, барлық қатысушылар мен студенттерді Санжар Джафарұлы Асфендияровтың мерейтойымен құттықтап, шара ұйымдастырушылары мен кеш қонақтарына алғысын білдірді. Іс-шара өте әсерлі өтті.