Жалпы медицина–1 мектебі «Отбасы апталығының» екінші күнінде 1-курс студенттерінің ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Іс-шара университет қабырғасында өтіп, ата-аналар проректорлармен, мектеп деканымен, деканат қызметкерлерімен таныстырылды. Сонымен қатар анатомия, гистология, жалпы хирургия және топографиялық анатомия кафедраларына экскурсия ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналар белсенділік танытып, өз ризашылықтарын білдірді.
Отбасы апталығы
