Тәуелсіздік – тұғырым

12.12.2025 ж Сағат 15:00-16:00 аралықта  Жалпы медицина мамандығы М25-011, М25-012, М25-13, М25-014 топтар арасында, молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының лекторы Нуржанова Қ.Ж мен  ассистент Шайхымбекова Р.М ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбындағы ән кеші өтті:
Мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы түсінік беру, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
– Тәуелсіздік тарихын құрметтеуге баулу;
– Патриоттық әндер мен сахналық көріністер арқылы ұлттық рухты көтеру;
– Студенттерді өнерге, елдікке деген қызығушылығын арттыру.

Мазмұны:
Тәрбие сағаты барысында Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы күресі, Желтоқсан оқиғасының маңызы қысқаша баяндалады. Студенттерді тәуелсіздікке арналған патриоттық әндер орындап, көріністер көрсетті. Ел рәміздері мен Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері насихатталды.