Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы 2024 жылдың 11 желтоқсанында М23-019қ тобының эдвайзері, микробиология кафедрасының ассистенті Асқар Гүлсім Халмаханқызымен бірге «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді.

Тәрбие сағатында 1986 жылы Алматы қаласында болған қазақ жастарының саяси наразылық білдірген көтерілісінің тарихы талқыланды. Көтерілістің туындауына себеп болған жағдай — Қазақстанның басшылығына сырттан, РСФСР-дан келген Геннадий Колбиннің тағайындалуы талқыланды. Тәрбие сағатының қорытындысында, бұл оқиға елдің ұлттық мүддесін қорғау мен тәуелсіздікке деген ұмтылыстың көрінісі ретінде бағаланып, Желтоқсан көтерілісінің жастардың патриоттық рухын, ұлттық сана-сезімін нығайтқан және кеңестік жүйеге қарсы тұрудың символы болғаны туралы көзқарастар қалыптасты. Сонымен қатар, көтеріліс Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы маңызды қадам болып саналатындығы атап өтілді.