Кафедра қызметкерлері базалық емдеу мекемелерінде ауқымды дәрігерлік-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Кафедраның клиникалық базалары: Қалалық кардиологиялық орталық, ҰОС емханасы және №1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 10 ЖЖМҚ. Оқу кабинеттері демонстрациялық материалдармен, муляждармен және практикалық дағдыларды меңгеруге арналған фантомдармен жабдықталған. Кафедра қызметкерлері ішкі аудит комиссиясының, емдеу-бақылау комиссиясының, жедел медициналық жәрдем беру станцияларының әдістемелік кеңестерінің, қалалық кардиологиялық орталықтың мүшелері болып табылады.Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы практикалық денсаулық сақтауда табысты қолданылатын инновациялық технологияларды практикалық денсаулық сақтау саласына енгізуде, сонымен қатар профессорлық-оқытушылар құрамы клиникалық базамен бірлескен жоспар бойынша жедел медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері мен фельдшерлеріне шеберлік сабақтары, оқу семинарлары, дәрістер, тренингтер өткізеді.
Профессор Ахметова Г.Ж. – ШЖҚ МКК ЖМЖҚ бақылау кеңесінің төрағасы. Доцент Әлмұхамбетов М.Қ. ЖМЖС кадрлық кеңестің мүшесі. Ассистент Турланова А.К ҰОС емханасының сарапшы дәрігері. Кафедра ассистенттері ЖМЖҚ қосалқы станцияларында әдістемелік бюро мүшелері болып табылады
Тәжірибелік денсаулық сақтау қызметкерлерімен бірлесе отырып, ЖМЖС негізінде бакалавриат, интернатура және резидентура студенттеріне практикалық сабақтар жүргізілді. «ҚЖА мектебі» – ҚКО, ҚАЗҰМУ, ҚАЗМҮБУ бірлесіп өткізді.