СҒЗЖ 1 ТУР БОЙЫНША ЕСЕП

27.11.2021 ж. анатомия кафедрасы СҒЗЖ-ның 1 турын өткізді. СҒЗЖ-ның конференциясына «Жалпы медицина» және «Педиатрия» 1-2 курс студенттері қатысты. Жалпы 22 баяндама тыңдалды, баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болды.
Жұмыстарды бағалау үшін 4 адамнан тұратын комиссия құрылды: профессор Жаныбеков Д.Е., лектор Мадраймова З. А., ассистенттер Пернебекова С.П және Оханова М.И.
Жұмыстарды тыңдау және талқылау нәтижесі бойынша 1 орынды «Анатомическая изменчивость турецкого седла в норме и при патологии» тақырыбымен 2 курс ЖМ21-022-2 о.т. студенті Абдыкеримов Мухтар, 2 орынды 2 баяндамаға берілді: «Остеофиты и экзостоз. Редкий случай тотального экзостоза» тақырыбымен ЖМ 21-23-1о.т. студенттері Абдималик Асель мен Ануарбек Джихангир және «Анатомические особенности строения питательных отверстий диафиза плечевой кости» тақырыбымен П21-007-02р. Даньшин Лев және 3 орын 3 баяндамаға берілді: «Зуб мудрости, его наличие и эволюция» тақырыбымен ЖМ21-025-1о.т. студенттері Али Сальва мен Аханова Фатима, «Анатомо-функциональные особенности опорно-двигательного аппарата верхней конечности» тақырыбымен GM20-28-1a.т. студенті Исмаилова Диана, «Қашықтықтан оқу кезіндегі гиподинамияның студенттерге әсері» тақырыбымен П20-001-02к.т. студенті Нугманова Молдир алды. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды .
Сонымен қатар келесі номинациялар бойынша дипломдар табысталды: «Жеңіске деген ерік- жігері үшін» – «Травматизм в волейболе» атты баяндамасымен ОМ21-019-2о. студенті Сатерова А.; «Шексіз шығармашылық» – «Анатомиялық мұражайдың болашақ дәрігерлерді даярлаудағы рөлі туралы» атты баяндамасымен ЖМ20-001-2к. студенті Ахмет А.; «Ең жас қатысушы»- «Особенности развития костей нижней конечности» атты баяндамасымен П20-006-02о. студенті Гасанова И.; «Үздік баяндама» – «Оценка состояния здоровья органа зрения среди студентов медицинского ВУЗа» атты баяндамасымен GM20-29-1a студенттеріне Ошанова Акерке, Мукаш Биана,Туржан Кумисай, «Ең өткір пікір-талас үшін» – «Медицина тарихы. Медицинаның дамуына халқының қосқан улесі» атты баяндамасымен ЖМ21-003-1к студенті Елшібек Саят; «Ең үздік инновациялық ойлар үшін» – «Первичные опухоли кости. Классическая остеосаркома. Радиография, как первичный метод диагностики первичных опухолей кости» атты баяндамасымен ОМ20-022-2р. студенті Ахтамянова Э.
Барлық қатысқан студенттерге сертификаттар берілді.

Анатомия кафедрасында СҒЗЖ жауапты: Дәрмен Н.Ж.