Қазақстан республикасының психосоматологтар ассоцациясының негізін қалаушы, психолог, психотерапевт Дәуренбек және Эльмира Кударовтармен мотивациялық кездесудің есебі

2025 жылы 21 қараша күні аудиториялық корпустың 4-аудиториясында С.Р.Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының ұйымдастыруымен, атап айтқанда кафедра меңгерушісі Ахмад Н.С., және корсетілген осы оқытушылардың Шакенов Б.Ш., Байгамысова Д.С.,  Исабекова Т.К.,  Абиырова Н.Б.,  Балапанова А.А., Кенбаева С.Р., Қуатбекова А.Қ., Келимбетова Ж.Т.,  Курбаниязова С.С.,  Сайдахметова А.К.,  Сулейменова А.Ж., Сыздыков Д.М. қатысуымен университет деңгейінде іс шара өткізілді. Деканаттың тәрбие жұмысымен бірлесіп бекітілген жоспарға сәйкес елімізге қазақстан республикасының психосоматологтар Ассоцациясының негізін қалаушы, психолог, психотерапевт   Дәуренбек және Эльмира Кударовтармен   мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу форматы подкаст түрінде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің танымал психолог, психотерапевт және психосоматологтармен кездесу барысында, өздеріне қажетті  ақпараттарды игеріп, кәсіби тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу жолындағы кедергілерді еңсеріп,  болашақта сыртқы ортамен дұрыс қарым қатынас қалыптастыру.

Іс-шара жалпы университет деңгейінде өткізілді және қонақ ретінде университеттің басшылық құрамынан оқу ісі жөніндегі проректор Қалматаева Жанна Амантайқызы, әлеуметтік жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Датхаев Убайдилла Махамбетұлы, 1-ші Жалпы медицина мектебінің деканы Измайлова Слу Хабибиевна, ҚазҰМУ баспасөз қызметінің жетекшісі Тянь Марина Александровна, Студенттерді дамыту  және қолдау бөлімінінен Бекжанов Аян Жайдарұлы шақырылды.

Мотивациялық кездесуді кафедра меңгерушісі Ахмад Н.С. өз сөзімен ашып берді. Модератор — анатомия кафедрасының тәрбие ісіне жауапты Абиырова Н.Б. іс-шараны жүргізіп, шақырылған қонақтарға сөз беріп, Дәуренбек мырза мен Эльмира ханымға көкейкесті сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алып, кері байланыс құрды. Іс шара барысында қонақ ретінде молекулярлық биология кафедраның меңгерушісі Молдакарызова Айжан Жандарбековна, өзінің көкейкесті сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардын құнды ақыл кеңестері мен жауаптарын алып, өз ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, сұхбаттың ортасында аудиториядағы студенттердің де тарапынан туындаған сұрақтарға , атап айтсақ 2 курс студенті Ажибай Нұрдаулет Ерменбекұлы қалқанша безі  ауруын психосоматика тарапынан қалай емдеуге болады деген және басқа да студенттер сауалын қойып, қанағаттанарлық жауабын алды. Іс шара  ұзақтығы 3 сағатқа ұзарды. Жалпы, мотивациялық кездесу өте жоғары деңгейде, қызықты және өте пайдалы болды. Кафедраның  ассоцирленген профессоры Исабекова Толқын Қадыржановна қорытынды сөзін айтып, іс-шараны аяқтады.