Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасында болған «Ашық есік күндерін» өткізу туралы есеп

Клиникалық жұмыстың жоспары бойынша 24.01.2018ж. Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессорлық оқытушы құрамы клиникалық базаларда (ШЖҚ «И.С.Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК, Алматы қаласының №5 ҚЕ «Қалалық гепатологиялық орталық», №3 ҚЕ, Қалалық студенттік емханада «Ашық есік күндерін» өткізді.
Қалалың емханаларының, Сұңқар Медициналық орталығының, Астана қаласының Республикалық ауруханасының, Тері-венерологиялық аурулары ауруханаларының жолдамасы бойынша және өздігінен 56 науқасқа кеңес берілді. Негізгі базада профессор Дүйсенова А.Қ, Қурманова К.Б., Егембердиева Р.А., доценттер Сейдулаева Л.Б., Байекеева К.Т., Оспанбекова Н.Қ., Садықова А.М., ассистент Шоқалакова А.К. – 33 науқас қаралып кеңес берілді; «Қалалық студенттік емханада» доцент Ермуханова Н.Т – 10 науқасқа, №5 ҚЕ ассистент Ергалиева А.А.- 10 науқасқа, №3 ҚЕ доцент Садықова С.С – 3 науқасты қарап кеңес берілді.
Негізінен көп жағдайда клиникалық тұрғыдан диагноздары түсініксіз негіздеуді және жүргізу тактикасы мен емін қажет ететін «күрделі» науқастар қаралды: созылмалы гепатит В -7 науқас, созылмалы вирусты гепатит С -7, бауыр циррозымен – 2, алкогольсіз стеатогепатит – 2, созылмалы бруцеллез – 4, герпесвирусты инфекциялармен – 6, кенелік боррелиоз -1, бауыр эхинококкозымен – 2, өкпе эхинококкозымен -1, описторхоз – 1, филяриоз (сырттан келген жағдай) – 1, аскридоз – 1, лямблиоз – 1, ЖРВИ-14, Жедел ішек инфекциясымен -1 науқас орын алды. И.С.Жекенов атындағы ҚКЖАА қабылдау бөлімшесінде диагнозы белгісіз ауыр науқасқа кеңейтілген консилиум болды. Қарау барысында жұқпалы аурулар диагнозы жоққа шығарылды, бұл науқасқа жүйелік аурулар мен өкпеден тыс туберкулезге зерттеулерге жіберуге ұсыныс берілді.
Консультацияның нәтижелері: филяриозбен 1 пациент И.С.Жекенов атындағы ҚКЖА госпитализацияланды, қалған науқастарға клиникалық диагноз қойылып, ары қарай зерттеуге, емге және бақылауға ұсыныстар берілді.
Кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамына клиниканың әкімшілігі өз тарапынын алғыс білдірді.
Оң пікірлерге байланысты кафедра С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің дәрежесін көтеруге үлесін қосу үшін «Ашық есік күндерін» тұрақты түрде әр жылы өткізуді жоспарлады.

 

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценттері: Сейдулаева Л.Б., Байекеева К.Т.

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Оспанбекова Н.К.

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Ермуханова Н.Т.

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Садыкова С.С.

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Садықова А.М.

Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының доценті Ергалиева А.А.