Клиниаклық жұмыс жоспарына сай жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы өзіне бекітілген клинаклық базаларда (ШЖҚ ҚКМ «И.С. Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы», Қалалық гепатологиялық орталық ҚЕ№3, Қалалық студентер емханасы) 11.12.2019 жылы «Ашық есіктер күнін» өткізді.
Барлығы 24 емханалардың, БМСК орталығының, Қаскелен қаласы ауруханасының, медициналық орталықтардың жолдауымен және өз бетінше келген науқасқа кеңес берілді. Негізгі базада профессор Дүйсенова А.Қ., Егембердиева Р.А., доцент Байекеева К.Т., Садықова А.М. 14 науқасқа кеңес берсе, ал «Қалалық студенттер емханасында доцент Ермуханова Н.Т. – 1 науқас, ҚЕ№3 доцент Садықыва С.С – 4 науқас, ҚЕ№5 базасында орналасқан Қалалық гепатологиялық орталықта -5 науқас қаралды.
Кобіне клиникалық тұрғыдан «қиын», диагноз коюында, жүргізу тактикасы мен ем тағайындауында қиындықтар тудыратын науқастар қаралған: созылмалы вирусты гепатит В+D нәтижесінде бауыр циррозымен -1, бауырдың созылмалы вирусты С гепатитімен – 3, ал созылмалы вирусты гепатит В-1 науұас қаралса, жүрекшелердің атипті соғуымен және жүкті әйелдегі Жильбер синдромымен -2, Остеоартрозбен-1, белгісіз этиологиялы қызбамен-2, бруцелезбен-2, ЖРВИ және баспамен -5, ішек инфекциясымен – 1, науқасқа кеңес берілсе, бір науқас Денге қызбасы, ықтимал жағдай диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Бір науқасты түйінді периартериит диагнозымен тексерілуді талап етсе, тағы да бір науқас толықтай зерттелуге жіберілді.
Кеңес нәтижесінде: пациенттерге клиникалық диагноз қойылып, тексерілуі, емделуі және бақылануы туралы нақты мәліметтер берілген.
Клиникалық базалардың әкімшілігі мен науқастар кафедраның қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Оң нәтижелерге ие болғандықтан кафедра «Ашық есіктер күндерін» унемі кезекті тұрде жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің беделін көтеруге мүмкіндік береді.