«Этика, деонтология және экология – заманауи адамның мәдениеті» конкурс-тренингі туралы есеп

2025 жылдың 20 қарашасында тілдік пәндер кафедрасының оқытушылары — Бекпентаева Л.С., Тұрсынбаева Р.А., Бижанова А.А. және Абдуллаева Г.Т. — №2 жатақханада «Этика, деонтология және экология – заманауи адамның мәдениеті» атты студенттік конкурс-тренинг өткізді.

Конкурсқа үш команда қатысты: «Green mind», «KinderDocs», «Этика медика».

Іс-шараның мақсаты — командалардың бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, этикалық және экологиялық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдауға үйрету, оларды түсіндіру және жатақханадағы тәртіп пен ережелерді сақтауды меңгерту.

Конкурс 5 кезеңнен тұрды:

  1. Этика, деонтология және экология тақырыбындағы видеоролик

2.Дұрыс қалай әрекет ету керек?» атты ситуациялық тапсырма

  1. Этикалық диалог рөлдік ойыны
  2. Миға шабуыл
  3. Планетаны құтқаратын пайдалы әдеттер бөлімі

Конкурстың өткізілуі студенттердің этикалық нормалар, деонтология және экология жөніндегі білімдерін кеңейтіп, интернационализм мен толеранттылық сезімдерін тәрбиелеуге ықпал етті. Бұл білімдер олардың болашақ кәсіби қызметінде сөзсіз қажет болады. Конкурс жоғары деңгейде өтіп, шығармашылық тапсырмалар мен қатысушылардың белсенді көңіл күйімен ерекшеленді.