19.11.2019 ж. қалыпты анатомия кафедрасы СҒЗЖ-ның 1 турын өткізді. СҒЗЖ-ның конкурсына «Жалпы медицина» және «Педиатрия» 1-2 курс студенттері қатысты. Жалпы 14 баяндама тыңдалды, баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болды.
Жұмыстарды бағалау үшін 3 адамнан тұратын комиссия құрылды: доцент, м.ғ.к. Искиндирова А.М., доцент, м.ғ.к. Оразымбетова А. М. және лектор Искакова Л.А.
Жұмыстарды тыңдау және талқылау нәтижесі бойынша 1 орынды «Вариантная анатомия отвестий поперечных отростков шейных позвонков» тақырыбымен 2 курс ОМ18-022-01 студенттері Сокольская Виктория, Жали Бернар, 2 орынды – «Ұялы телефонның организмге тигізер әсері» тақырыбымен 1 курс ОМ19-014-02 студенті Мұқатаев Ермұрат және 3 орынды – «Влияние гравитации на анатомо-физиологические особенности организмы человека» тақырыбымен 2 курс ОМ18-24-01 студенттері Госанов Ескендир, Пак Марина алды. Сонымен бірге, 2 курс ОМ18-14-01 студенті «Ең өткір пікірталас үшін» Омарбекова Ардакқа, 1 курс ОМ19-025-02 студенті «Ең үздік баяндама үшін» Мусина Алсуға, 2 курс ОМ18-011-01 студенттері «Жеңіске деген ұмтылыс үшін» Капанова Жұлдызға, Берекетова Бахадырға, Марат Аружанға, 2 курс ОМ18-17-02 студенттері «Инновация үшін» Қуаныш Қалмырза, Қоныс Назымға, Жүсіпқали Елікайға, 2 курс П18-005-02 студенті «Шексіз шығармашылық үшін» Балғабек Айзатқа; 1 курс ОМ19-014-02 студенттері Серғали Гүлімге, Алтынбаева Алинаға «Ең жас қатысушы» атты диплом беріліп, барлық қатысқандарға сертификат табысталды.