13 қараша 2025 жылы М25-009 және М25-010 топтарының студенттері белгіленген уақытта жиналып, «Капитан Байтасов» фильмін көрді. Фильмде еліміздің бейбіт өмірін қорғау жолында жанын қиған офицер Ғазиз Байтасовтың өмірлік ұстанымы, ерік-жігері, қайсарлығы және террористерге қарсы жасаған ерлігі көркем түрде бейнеленген. Студенттер фильмді ерекше назармен тамашалап, батырдың ерлігі мен қызмет барысындағы қиындықтары туралы мол мағлұмат алды. Көрсетілімнен кейін топ студенттерімен қысқаша пікірталас жүргізіліп, олардың алған әсерлері тыңдалды.
Фильмді бірге көру нәтижесінде студенттер:
- елді қорғаудағы ерлік пен батылдықтың мәнін терең түсінді;
- патриоттық сезімдері нығайды;
- ұлттық қаһармандардың ерлігі жөнінде жаңа білім алды;
- адамгершілік, жауапкершілік, қайсарлық сияқты қасиеттердің маңызын ұғынды;
- терроризмнің қоғамға қауіп төндіретіні туралы түсініктерін кеңейтті.
«Капитан Байтасов» фильміне барып көру – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, ерлікке құрмет көрсету, ел қауіпсіздігін бағалау сияқты маңызды құндылықтарды қалыптастыруға ықпал еткен тәрбиелік мәні жоғары іс-шара болды.
М25-009 және М25-010 топтарының студенттері фильмнен зор әсер алып, батыр Ғазиз Байтасовтың ерлігін мақтанышпен атап өтті.



