«Жалпы медицина-1» мектебінің тәлімгерлік топ студенттері тәлімгерлерімен (биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы) біріге отырып университеттің тарихи мұражайына барды.
Мұражай қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Мұражай қоры С.Ж.Асфендияровтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы деректермен қамтылған. Студенттер жақсы әсер алды және білім қоржыны құнды мәліметтер мен деректермен толықты. Мұражай қызметкерлеріне Алғыс айтамыз.







