«Ұлттық диктант – 2025» жобасы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының» қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күніне орай республикалық «Ұлттық диктант» акциясы бастау алған болатын. Осы игі бастамаға микробиология, вирусология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Диктант мәтінін «ҚазҰМУ терминологиялық комиссиясының мүшесі», кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Бегадилова Толқын Сембаевна оқыды.

Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, жазу сауаттылығын жетілдіру және тілге деген құрметті нығайту.

13 қазан мен 13 қараша аралығында жоспарланған бұл жобаға кафедра ұжымы белсенді қатысып, қазақ тілінің тазалығын сақтау мен дамытуға өз үлестерін қосты.

#Ұлттықдиктант #Қазақтілі #АхметБайтұрсынұлы #ҚазҰМУ
#Микробиология,вирусология #Тілкүні #KazNMU #TilMädeniet