2025 жылғы 14 сәуірде микробиология және вирусология кафедрасының ассистенті, эдвайзер Асқар Гүлсім Халмаханқызы «Медицина» мамандығының М23-020 тобының студенттерімен «Жатақханадағы ұрлық қылмысының алдын алу» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында осы оқу жылында жатақханада орын алуы мүмкін ұрлық жағдайлары мысал ретінде қарастырылып, студенттердің жеке заттары мен ақшаларының ұрлануы секілді мәселелер сөз болды. Мұндай келеңсіз оқиғалардың басты себептері ретінде бейнебақылау жүйесінің болмауы және студенттердің қауіпсіздік ережелерін жеткілікті дәрежеде сақтамауы аталды. Осы мәселенің алдын алу мақсатында жатақханаға бейнебақылау камераларын орнату, күзет қызметін күшейту және студенттер арасында мүлікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру ұсынылды.