Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ ұйымдастыруымен Жас ғалымдар саммиті 2024 жылдың 25-26 сәуірінде Түркістан қаласында өтті.

Жас ғалымдар саммиті еліміздің әр түрлі ғылыми салаларындағы дарынды жас ғалымдарды біріктіретін жыл сайынғы іс-шара. Бұл шара идеялар алмасу, ғылыми-технологиялық жобалармен бірлесіп жұмыс істеу және еліміздегі ғылымды дамытудың мүдделері мен қөзқарастарын талқылау алаңы ретінде қызмет етеді. Саммиттің негізгі міндеті – жас ғалымдар арасындағы өзара іс-қимылды ынталандыру, оларға әртүрлі пәндер бойынша тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік беру.

Жас ғалымдар саммитінің форматы екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімі ағымдағы жылдың 12 сәуір – Ғылым күнінде Астана қаласында өтті және 25-26 сәуір күндері Түркістан қаласында жалғасын тапты.

Түркістан қаласында Саммиттің екінші бөлімі шеңберінде воркшоптар, жас ғалымдар жобаларының тұсаукесерлері мен Жапония мемлекетінен келген сарапшылармен кездесулерді қамтитын шара өтті.

Іс-шара барысында климаттың өзгеруі, интеллект және ғарыш, денсаулық сақтау мен медицина, ғылым мен өнеркәсіптің ынтымақтастығы және халықаралық серіктестік тақырыптары бойынша панельдік сессиялар өткізілді.

Аталған шараға спикер ретіңде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті жалпы иммунология кафедрасының лекторы, PhD Арайлым Абильбаева қатысып, «Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы салмағы аз шала туылған нәрестелердегі неонатальдық кезең патологиясының мәселелері» атты тақырыпта баяндама жасады.