Ғылыми студенттік үйірме семинары

2025 жылдың 5-наурызында С.Р.Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының студенттер арасында ғылыми үйірменің төрағасы м.ғ.д, профессор Досаев Тасболат Молдахметович және жетекшісі лектор Кенбаева Салтанат Рысбековна бастаған семинар болды.

Студенттік ғылыми үйірме (СҒҮ) – студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, әртүрлі деңгейдегі студенттік ғылыми іс-шараларға қатысудан көрінетін студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру нысаны.

СҒҮ жұмысының негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау және дамыту, олардың сыни ойлауын қалыптастыру және ғылыми-зерттеу әлеуетін ашу болып табылады.

Бұл семинарда профессор Досаев Тасболат Молдахметович анатомия саласындағы көптеген жаңалықтармен бөлісіп дәріс оқыды. 40 қа жуық студенттер қатысты, көбінесе 1 курс студенттерден құрылды. Жиналыста ғылыми жетекшісі кафедра ассистенті Келимбетова Жанагүл Темірбаевнаның 1 курс П24-001 тобының студенті Сарсенбай Абдурахим «Студенттік бастама ретінде анатомия пәнінде иммерсионды оқыту әдісін пайдалану тәжірибесі» бойынша баяндама оқып өзінің  жүрек қан тамырлар жүйесін қолдан жасалған макетін виртуалды шындық көзілдірігін пайдаланып көрсетті.

Ғылыми үйірме отырысы студенттерге жақсы көңіл күй сыйлап  алдағы ғылыми жоба бастауға түрткі болды.