ҚазҰМУ студенті халықаралық фармакология олимпиадасында 1-орын иеленді!

2025 жылдың 21–22 мамыры күндері Абу Али ибн Сина атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтында «От учения Абу Али ибн Сины – до Третьего Ренессанса» тақырыбында медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің V Халықаралық олимпиадасы өтті. Бұл ауқымды шараға әртүрлі елдерден 500-ден астам студент қатысты.

Аталған олимпиадада С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Asfenable» командасы жоғары деңгейде білімін көрсетті. Университетіміздің «Жалпы медицина-1» мектебінің 2-курс студенті Қалам Шолпан Айтқазықызы «Фармакология» пәні бойынша сынға түсіп, үш кезеңнен сәтті өтіп, өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеді. Нәтижесінде 1-орынға ие болып, үздік деп танылды. Сонымен қатар, Қалам Шолпан V Халықаралық «От учения Абу Али ибн Сины – к Третьему Ренессансу» атты ғылыми конференцияда «Обзор внебольничной пневмонии у взрослых» тақырыбында баяндама оқып, арнайы Сертификатпен марапатталды. Студенттің ғылыми жетекшісі — фармакология кафедрасының ассистенті, клиникалық фармаколог дәрігер Молайханов Шохмурод Анарханович.

Қалам Шолпанды және оның ғылыми жетекшісі Шохмурод Анархановичты лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым жолында табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

#ҚазҰМУ #фармакология #халықаралықолимпиада #университетмақтанышы #жеңіс