23-27 қараша аралығында ұйымдастырылған көмек.
«Сіз» деген әдеп, «біз» деген көмек! деген ұранмен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің жалпы медицина факультетінің 3курс, 25-1,2 топ студенттері мен топ тьюторы гистология модулінің оқытушысы Джангельдина Зауре Наримановнаның ұйымдастыруымен және де Ішкі аурулар пропедевтикасының қалалық паллиативті көмек көрсету орталығында І дәрежелі дәрігер Тукаева Ляззат Калабаевнаның басқаруымен студенттердің мейірбикеге көмек көрсету жұмысы ойдағыдай өтті. 23-27 қараша аралығында ұйымдастырылған бұл іс шарада студенттер де өзіндік тәжірибе жинады. Науқастарды уақытылы тамақтандырып,дәрілерін ішкізіп, жуынуға көмектесіп, науқастармен қарым қатынас орнатты. Науқастардың қысымын,температурасын өлшеп, әр палатадағы науқастарға астарын үлестіріп, қол ұшын берді. Науқастар мен мейірбикелер студенттердің белсенді жұмысына алғыстарын білдірді.